Абай облысында банк қызметкері алаяқтық жолмен тұрғындардан 35 млн теңге жымқырған

0
397

Сотталған әйелдің кәмелет жасқа толмаған үш баласы бар екенін ескеріп, үкімнің орындалуы 1 жыл 6 ай мерзімге қалдырылды.


Абай облысында банк қызметкері алаяқтық жолмен тұрғындардан 35 млн теңге жымқырған

ERNUR.KZ. Аягөз қаласында 24 жастағы банк қызметкері банк және тұрмыстық техника дүкендерінің клиенттеріне тауарлық және ақшалай несие берген, деп жазады kaz.zakon.kz.


Ол несие алуға онлайн өтінім беріп, қажетті соманы алып, ақшаны банктегі өзінің шотына аударып отырған, бірақ клиентке несие беруден бас тартқанын хабарлайды. Қала тұрғыны 200 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін тауарлық несие алған, осылайша бойжеткен Аягөз қаласының 29 жастағы тұрғынын алдап, оларға жалпы сомасы 35 млн теңгеден астам моралдық шығын келтірген.

Сот оны кінәлі деп тауып, Қазақстан Республикасының 190-бабымен 3 жыл 6 ай мерзміге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Сотталған әйелдің кәмелет жасқа толмаған үш баласы бар екенін ескеріп, үкімнің орындалуы 1 жыл 6 ай мерзімге қалдырылды.