Абай облысында екі оқушы суицид жасап, біреуі қайтыс болды

0
601

Оларға жоғары сынып оқушылары қысым көрсеткен.


Абай облысында екі оқушы суицид жасап, біреуі қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға Абай облысы Жарма ауданының Үшбиік ауылында болды. Ақтайлақ Би жоғары сынып оқушыларының қорқытуына байланысты 9-сынып оқушылары бір уақытта суицид жасады. Олардың біреуі уақытында құтқарылған, ал 15 жастағы Айқын есімді екінші бала көз жұмды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Көз жұмған Айқынның сыныптастарының айтуынша қайғылы жағдайға дейін 11-сынып оқушылары жасөспірімді бірнеше рет ұрып-соғып, психологиялық қысым көрсеткен. Сол сияқты мұғалімдер мен мектеп басшылығы жоғары сынып оқушыларының бұл әрекетінен хабардар болғанын, алайда артық шу шығармас үшін оқиғаны жасыруға тырысқанын айтты.

Оқиғадан бір күн бұрын жоғары сынып оқушылары оларды ұрып-соққан. Төбелес кезінде 9-сынып оқушысы ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылыпты. Келесі күні мектепке бармас үшін 9-сыныптың тағы екі оқушысы бір уақытта суицид жасады. Дер кезінде жеткен көмектің арқасында олардың бірі құтқарылып, ауруханаға жатқызылды.

Қайтыс болған Айқынның туыстары оның тәрбиелі бала болғанын, жақсы оқығанын, қызыл аттестат пен алтын медальға үміткер екенін айтты. Ата-аналар кінәлілерді заңның барлық қатаң түрімен жазалауды сұрайды.