Абай облысында оқушы пластикалық қалдықтардан экоасфальт жасады

0
101

Мамандардың бағалауынаша, бұл әдіспен салынған жолдар орташа есеппен 12-18 жыл қызмет етеді, ал сапалы жасалған жағдайда жолдың қызмет ету мерзімі 20-25 жылға дейін жетуі мүмкін.


Абай облысында оқушы пластикалық қалдықтардан экоасфальт жасады

Фото: Абай облысы әкімдігі

ERNUR.KZ. Абай облысында №10 қазақ гимназиясының оныншы сынып оқушысы қайта өңделген пластикті қосып, жол жабындысының технологиясын жасады. Бұл технология жолдардың ұзақ уақыт қызмет етуіне және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді, деп жазады stan.kz.

Абай облысы әкімдігінің мәліметінше, Аягөздің тумасы Аружан Кабдулмаратовa тұрмыстық пластикті пайдаланып жол жабындысын жасауға арналған инновациялық әдісті жасады. Бұл жобамен 7-сыныптан бері айналысып келе жатқан ол пластик қалдықтарды қайта өңдеу технологиясын жасап, оны асфальтқа қосты.

Мамандардың бағалауынаша, бұл әдіспен салынған жолдар орташа есеппен 12-18 жыл қызмет етеді, ал сапалы жасалған жағдайда жолдың қызмет ету мерзімі 20-25 жылға дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар экоасфальт дәстүрлі материалдарға қарағанда тиімдірек.

Абай облысында оқушы пластикалық қалдықтардан экоасфальт жасадыФото: Абай облысы әкімдігі

Жоба жол сапасын бақылауды автоматтандыруды қарастырады. Екінші кезеңде Аружан автономды роботтар жүйесін енгізуді жоспарлап отыр: бір робот жабындыдағы ақауларды анықтайды, ал екінші робот оларды жылдам түзетеді. Бұл жөндеу уақытын қысқартуға және шығындарды азайтады.

Әкімдіктің мәлімдеуінше, жобаның негізгі мақсаты – пластик қалдықтарын тиімді пайдалану арқылы қоршаған ортаны қорғау және жол құрылысы саласына инновациялық шешімдерді енгізу. Осылайша, “Эко асфальт” жобасы арқылы жас өнертапқыш туған өлкесінің экологиясын сақтауға нақты үлес қосып отыр.