"Абди Ибрахим Глобал Фарм" – Қазақстан мен Түркияның бірлескен кәсіпорны. Компания иелегіне Алматы облысындағы дәрі-дәрмек шығаратын зауыт кіреді.
фото tengrinews
Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Зиятхан Ахмедұлы Гасановтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Ол алғашқылардың бірі болып медицина қызметкерлері мен қазақстандықтарға коронавирус инфекциясымен күресте көмектесіп, өкінішке қарай, осы індеттің кесірінен көз жұмды", - делінген комитеттің хабарламасында.
"Зиятхан Ахмедұлы өз ісінің шебері болды, ол еліміздің фармацевтика саласының дамуына зор үлесін қосты. Оған қоса, өзінің сырқаттанып жүргеніне қарамастан, жалпыға бірдей төнген қауіпке бей-жай қарамай, COVID-19 вирусымен күресте өлшеусіз көмегін тигізді. Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің медицина қызметкерлеріне жеке қорғаныш құралдарын тегін берді", - дейді комитеттегілер.
10 сәуір кешке Алматыда тағы бір адамның өлімі тіркелді. Коронавирустан 1963 жылы туған ер адам көз жұмды. Бұл Қазақстанда қауіпті індеттен қайтыс болған оныншы адам.
Соңғы мәліметтер бойынша республика бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 840-қа жетті.