Олардың аман-есен елге оралуына дипломаттар жәрдемдескен.
Коллаж: Kazinform/Pixabay/Eleos.com.ua
ERNUR.KZ. Биыл жыл басынан бері Мьянма, Камбоджа және Лаоста құлдықта болған еліміздің 17 азаматы қайтарылды, деп жазады inform.kz.
— 2026 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша Таиландтағы Қазақстан Елшілігінің көмегімен Мьянмадан 5 азамат елге оралған. Сонымен қатар Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігінің қатысуымен Камбоджадан 8 және Лаостан 4 қазақстандық қайтарылған, — делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, 2022 жылдан бері шетелдегі қазақстандық дипломаттардың көмегімен заңсыз ұстап тұру және еңбек қанауы жағдайына тап болған жалпы 66 Қазақстан азаматы елге қайтарылған.


