Әділет министрі Азамат Есқараев лауазымынан босатылды

0
104

Азамат Несіпбайұлы жылдың басында Әділет министрі лауазымына қайта тағайындалған болатын.


Әділет министрі Азамат Есқараев лауазымынан босатылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Азамат Есқараев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Еңбек өтілі:

  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің жетекші маманы, Астана қаласы (21.07.2000-29.11.2000);
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің жетекші маманы, Астана қаласы (30.11.2000-11.11.2001);
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің бас маманы, Астана қаласы (12.11.2001-27.06.2002);
  • Заңға тәуелді нормативтік актілердің жобаларын сараптау және дайындау басқармасы бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаменті бөлімінің бастығы (28.06.2002-09.06.2003);
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің өндірістік саланың заңға тәуелді нормативтік актілерін сараптау бөлімінің бастығы, Астана қаласы (10.06.2003-08.08.2003);
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңнама департаменті басқармасының бастығы, Астана қаласы (09.08.2003-21.12.2003);
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заңға тәуелді актілер департаменті басқармасының бастығы, Астана қаласы (22.12.2003-15.02.2005);
  • Алматы қаласы Әкімінің бас инспекторы (2005-2006);
  • «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ Заң қызметі департаментінің бас менеджері, Астана қаласы (2006-2007);
  • Жеке еңбек шарты бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық мәселелер жөніндегі консультанты, Астана қаласы (05.03.2007-27.03.2007);
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ішкі әкімшілік департаменті жетекші маманының міндетін атқарушы, Астана қаласы (28.03.2007-23.07.2007);
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Ішкі әкімшілік департаментінің жетекші маманы, Астана қаласы (24.07.2007-24.07.2007);
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрінің көмекшісі, Астана қаласы (07.2007-2008);
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры, Астана қаласы (2008-2009);
  • Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры, Астана қаласы (2009-2012);
  • Ұйымдастыру-бақылау департаментінің – ҚР ЭҚСЖҚКА Инспекциясының бастығы (2012-2014);
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы (2014-2019);
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісі, Нұр-Сұлтан қаласы (26.07.2019-04.01.2023);
  • Қазақстан Республикасының Әділет министрі (04.01.2023 жылдан бастап)