Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіндегілер ПТР-тест бес жастан бастап барлық жолаушыға қажет екенін айтты.
ERNUR.KZ. Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, Қазақстанға оралған азаматтарға теріс нәтижесі бар ПТР-анықтамасыз бортқа отыруға тыйым салынады. Алайда, Конституцияға сәйкес әрбір азамат Қазақстанға кедергісіз оралуға құқылы, деп жазады tengrinews.kz.
Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіндегілер ПТР-тест бес жастан бастап барлық жолаушыға қажет екенін айтты. Тіпті олар бұрын екпе салдырған болса да ПТР-тест тапсыру керек. Ведомстводағылар мұндай шаралар борттағы барлық жолаушының қауіпсіздігі үшін қолға алынғанын атап өтті.
Өз кезегінде Әділет министрлігіндегілер тәжірибеде әуе кемесінің бортына қонуға байланысты бірқатар шектеу барын жеткізді.
"Мысалы, "ҚР Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" заңының 76-бабы 1-тармағын іске асыру үшін қабылданған Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау ережелеріне сәйкес, әуекомпаниялар жолаушының белгілі бір жұқпалы ауруы болса немесе жүктілігі 22 аптадан асқан жағдайда тасымалдаудан бас тартуы мүмкін.
Ведомствоның мәліметінше, бұл шектеулер әуе кемесі жолаушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Дәл осындай мақсатта коронавирус инфекциясын анықтайтын ПТР-тестілерді ұсыну талаптары белгіленеді, өйткені бұл инфекция пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу шаралары енгізілетін жұқпалы аурулардың тізімінен тұрады.