Amre «Славянский базар» байқауының жеңімпазы, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты.
Фото: Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі
ERNUR.KZ. ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Amre атауымен танымал әнші Ернар Садырбаевқа Интервидение-2025 байқауына қатысқаннан кейін қолдау көрсетті, деп жазады inform.kz.
Ол өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында әншінің шеберлігін жоғары бағалап, бір ғана байқаудың оның өнерінің ауқымын анықтай алмайтынын айтты.
-Сіз біз үшін әрдайым жеңімпазсыз. Байқауда жоғары деңгейде өнер көрсеттіңіз. Әрине, жеңіс те жеңіліс те қатар жүреді. Бірақ бір байқау барлық өнердің өлшемі емес. Сіздің ерек талантыңызды бәріміз құрмет тұтамыз. Жарқын жеңістер әлі де алда. Сізге тек мықты денсаулық, сарқылмас күш-жігер мен шығармашылық табыс тілеймін!,-деп жазды Аида Балаева.
Бұл жарияланым, жазылушылар арасында қызу пікірталас тудырды. Көптеген адам әншіге қолдау білдіріп, Amre-нің шығармашылығы қазақ елінің мәдени өмірінде ойып тұрып алар орны бар екенін жеткізді. Ал әртістің өзі өнерге деген ынта-ықыласымен, табандылығымен үлгі болатыны айтылған.
Айта кетейік, байқауда Amre қазақ тілінде «Даланың нұры» әнін орындап, алғашқы ондыққа кірді. Байқауға қатысушы әрбір өнерпаздың ерекше екеніне қарамастан қазақстандық әншілер көрермендер тарапынан ерекше қошаметке ие болды.
Amre «Славянский базар» байқауының жеңімпазы, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының лауреаты.