Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен 21 ғасырда алғаш рет әлем чемпионы атанды

0
138

Ол Загребте өткен Әлем чемпионатының финалында өзбек балуаны Алишер Ғаниевті 9:0 есебімен таза жеңіп, көк байрағымызды биікке көтерді.


Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен 21 ғасырда алғаш рет әлем чемпионы атанды

Фото: olympic.kz

ERNUR.KZ. Бұл – Қазақстан үшін 26 жылдан кейінгі тарихи алтын. Соңғы рет біздің балуандар 1999 жылы әлемдік біріншілікте топ жарған болатын, деп жазады inbusiness.kz.

Ол кезде Мхитар Манукян жеңіске жетсе, 1998 жылы Бахтияр Байсейітов чемпион атанған еді.

"Қашан қазақ баласы тарихты жаңартады деп ойлап жүрдім. Міне, сол күн келді!" – деді Айдос Сұлтанғали жеңістен кейін.