Жуырда денсаулық сақтау министрлігіне он шақты әйел вакциналауды тоқтатуды талап етіп келді. Тараптардың сөзі жараспай, әйелдер шенеуніктерге айқайлап, жұдырық ала жүгірді.
ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинацияны тоқтатуды талап еткен бір топ әйелмен кездесуге неге шықпағанын түсіндірді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Цой сол уақытта министрлікте кімнің қолы бос болды, солар кездесуге шыққанын атап өтті.
"Бізде кімнің шығуға мүмкіндігі болса, ең алдымен сол шығады. Бұл қалыпты процесс, бұрыннан жолға қойылған. Ол күні де кім жақын маңда болды, солар кездесуге шықты. Өйткені біздің басқа да қатысатын шараларымыз бар. Департамент директорларынан бөлек, вице-министрлер де шықты, бәрін түсіндірді. Олардың жауабына көбі қанағаттанды", - деді Цой брифингте.
Цой антиваксерлермен кездесуге дайын екенін мәлімдеді.
Жуырда денсаулық сақтау министрлігіне он шақты әйел вакциналауды тоқтатуды талап етіп келді.
Конференц-залға бір топ әйел шақырылды, вице-министрлер Жандос Бүркітбаев, Ажар Гиният және санитар дәрігердің ресми өкілі Ержан Байтанаев антиваксерлермен кездесуге шықты. Тараптардың сөзі жараспай, әйелдер шенеуніктерге айқайлап, жұдырық ала жүгірді. Болған оқиға видеоға түсіп қалған.