Әйнектің сынығы басына тиген: Алматыда жол апатынан жолаушы жарақат алды

0
2 012

​Жеңіл автокөліктің артқы әйнегі сынып, сынықтар қыздың басына тиген, жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.


Әйнектің сынығы басына тиген: Алматыда жол апатынан жолаушы жарақат алды

ERNUR.KZ. Алматыда Рысқұлов даңғылының бойындағы Кудерин көшесімен түйісетін көпірде жол апаты болды. Апат салдарынан көліктің жолаушысы жарақат алды, деп жазады sputnik.kz.

В столкновении легковушки и внедорожника на улице Рыскулова пострадала девушка


Рысқұлов көшесінде екі көлік соқтығысып, жолаушы жарақат алды

Жүргізушілер мен куәгерлердің айтуынша, Mercedes E-Class Рысқұлов бойымен батысқа қарай кетіп бара жатқан. Көпірде жүргізуші бір жолақтан екіншісіне ауысуға шешім қабылдап, тайғақ жолда рөлге ие бола алмай қалған.

Көлік бірнеше рет айналып, содан кейін бар жылдамдықпен Lexus RX-350-ге соқтығысқан, ол да батысқа қарай бара жатқан.

Жол апаты салдарынан Lexus көлігіндегі жолаушы зардап шекті. Көліктің артқы әйнегі сынып, сынықтар қыздың басына тиген. Ол түрлі жарақатпен жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.