Айтбек Амангелді: "24 жылдан кейін Бишімбаев 68 жасқа толады"

0
292

Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шығып, 24 жылға сотталды.


Айтбек Амангелді:

Сот аяқталған соң марқұмның ағасы журналистердің сұрағына жауап берді, деп жазады inbusiness.kz.

"Біз шамамен осынша жыл жаза тағайындалатынын білдік. 24 жылдан кейін оның жасы 68-де болады. Бұл өмір бойы бас бостандығынан айырумен тең деп есептеймін. Ол жасқа дейін өмір сүру, сүрмеуі белгісіз", - деді Айтбек Амангелді.

Айта кетейік, бүгін Астанада аса қатыгездікпен әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған Қазақстанның бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа сот үкімі шығып, 24 жылға сотталды.