Ақ тоны мен қара көйлегін киген: таңғы алтыда үйінен шыққан әйелдің мәйіті табылды

0
162

Ол Астана маңындағы Жібек Жолы ауылында тұрған.


Ақ тоны мен қара көйлегін киген: таңғы алтыда үйінен шыққан әйелдің мәйіті табылды

Фото: instagram.com

ERNUR.KZ. Астананың жанындағы Жібек Жолы ауылында тұрған 42 жастағы Баян Алтынбекованың мәйіті табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл қайғылы хабарды Астананың «LIDER.KZ» еріктілер тобының адамдары хабарлады.

«Өкінішке қарай, Баянның мәйіті табылды. Оның нақты неден көз жұмғанын сараптама көрсетеді. Жақындары мен отбасына көңіл айтамыз», - деп жазған еріктілер.

Айта кетейік, марқұм 3 қаңтар күні таңғы алты шамасында үстіне ақ тоны мен қара көйлегін, аяғына қара етігін киіп, үйінен шығып кеткені белгілі. Бірақ, ол үйіне қайтып оралмаған.