"Әкем КНБ генерал-лейтенанты": Ер адам Алматы ауруханасында жанжал шығарды (видео)

0
838

Жанжал шығарған ер адам өзін "ҰҚК лейтенанты" және "Алмалы ауданының бөлім бастығы", ал әкесі "ҰҚК генерал-лейтенанты" деп таныстырған.


ERNUR.KZ. Алматы ауруханаларының бірінде мас ер адамның іс әрекеті түсірілген видео әлеуметтік желіде таралды, - деп жазады Tengrinews.kz.

Кадрларда аурухананың қабылдау бөліміне кіре берісте денесі ер адамның полиция формасындағы адамға дөрекі сөйлегені көрсетілген. Ол өзін "ҰҚК лейтенанты" және "Алмалы ауданының бөлім бастығы", ал әкесі "ҰҚК генерал-лейтенанты" деп таныстырады.

Әрі қарай, түрлі боқтық сөздер айтып мекеме ғимаратына кіреді. Осыдан кейін ол есікті сындырып, қайтадан көшеге шығады.

Полиция мәліметі бойынша, оқиға кеше түнде, яғни, 27 қыркүйек сағат 01.00 шамасында ер адам қалалық жедел жәрдем ауруханасында мас күйінде төбелес шығарған.

"Алмалы ауданының полиция бөлімі бұл азаматты ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартты", - деп хабарлады Алматы қаласы ДП баспасөз қызметі.

Полиция бұл азаматтың ҰҚК қызметкері еместігін анықтады.