Петропавлда балаларын таба алмай жүргендігін айтқан әйел Ұлттық гвардия сарбаздарынан көмек сұраған.
иллюстрациялық фото ашық дереккөзден
ERNUR.KZ. Ұлттық гвардия сарбаздары Петропавлда көліктің жүк салғышынан қолы байланған балаларды тапты, деп жазады stan.kz.
Ұлттық гвардияның 6637 әскери батальонының штаб басшысы Ерхан Мусалимов сарбаздардың күн сайын кезекшілікке шығатынын айтты.
Сондай бір кезекшіліктердің бірінде сарбаздардан әйел адам көмек сұраған. Ол балаларын таба алмай жүргенін айтады. Әйел өзінің екі жерде жұмыс істейтінін, балаларына күйеуі қарайтынын айтқан. Күйеуі сол күні ішімдік ішіп, мас күйде жүрген екен. Әйел үйіне келгенде күйеуін де, балаларын да таба алмай қалыпты.
Тұрғындар жақын жердегі гараждан балалардың даусын естігендерін айтты.
"Жедел топты шақырып, гаражды ашқыздық. Көліктің жүксалғышында қол-аяғы байланған ағасы мен қарындасын таптық", - дейді лейтенант Темірханов.
Айтуынша, балалардың әкесін түн жарымына дейін іздеген. Кейін оның балаларын көлікке қамап, өзі ішімдік ішуге кеткені анықталды.