Әкімшілік құқық бойынша Еуразиялық конгресс құрылады

0
224

Еліміздің әкімшілік әділетінің бес жылдығына арналған халықаралық форумда осы мәселе жан-жақты талқыланды.


Әкімшілік құқық бойынша Еуразиялық конгресс құрылады

ERNUR.KZ. Әкімшілік құқық бойынша Еуразиялық конгресс құрылады. Қазақстанның Жоғарғы Соты бұған бастамашы болды, деп жазады 24.kz.

Еліміздің әкімшілік әділетінің бес жылдығына арналған халықаралық форумда осы мәселе жан-жақты талқыланды. Әкімшілік құқық бойынша Еуразиялық конгресс құру цифрлық трансформация кеңеңінде саланы дамытуға әрі беделді халықаралық сараптама алаңын қалыптастырудағы маңызды қадам болмақ. Қазақстан бастамасын ТМД Экономикалық Соты, Қырғызстан мен Өзбекстан Жоғарғы соттары, Әзербайжан, Тәжікстан, Германия судьялары, Түркия Мемлекеттік кеңесі палатасының төрағасы қолдады. Жалпы форумда әкімшілік сот ісін жүргізуді дамыту, мемлекетпен қарым-қатынаста азаматтардың құқықтарын қорғау саласында озық халықаралық тәсілдерді енгізу мәселелері талқыланды. Ал жиын соңында қатысушылар әкімшілік құқық бойынша Еуразиялық Конгресс құру туралы Декларацияға қол қойды.



“ Қазіргі таңда Қазақстан мен Германияның әкімшілік әділет жүйесі ұқсас сынақтармен бетпе-бет келіп отыр. Мемлекеттік басқарудан жылдамдық пен жоғары сапа қатар талап етіледі. Оның үстіне басқару қызметіне жасанды интеллект те әсер етуде. Ал әкімшілік әділеттің негізгі міндеті - бүкіл мемлекеттік басқару жүйесінің заңдылығын тексеру. Сондықтан бұл мәселелер сот төрелігінің де басты назарында. “ - деді,Берлин қаласы Әкімшілік сотының отставкадағы судьясы, Йорг Пуделька.


“ Бұл Декларацияның қабылдануы бізге алдымызда тұрған міндеттер мен кездесетін кедергілерді бірлесе талқылауға мүмкіндік береді. Осы мақсатта Әкімшілік құқық бойынша Еуразиялық декларацияға қол қойып, арнайы алаң құрдық. Болашақта да бұл серіктестік өз жемісін береді деп сенемін.” - деді, Қырғыз Республикасы Жоғарғы соты төрағасының орынбасары, Нұргүл Бәкірова.