Ақмола облысында 10 күн бұрын жоғалып кеткен алты жасар баланың денесі табылды

0
126

Он күннен кейін Жандәулеттің жансыз денесі 12 шақырым жерден табылды.


Ақмола облысында 10 күн бұрын жоғалып кеткен алты жасар баланың денесі табылды

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Ақмола облысында он күн бұрын жоғалған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Кешкі жетілерде үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған алты жасар Қалмырза Жандәулеттің денесі Нұра өзенінен табылды, деп жазады zakon.kz.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, сәбиді сол күні соңғы рет өзен жағасынан көрген. Бүлдіршінді іздестіруге Ақмола, Қарағанды және Астана қаласының құтқару жасақтары жұмылдырылды. Еріктілер мен жергілікті халық та тау-тас, өзен-көл мен адам аяғы жететін жердің бәрін шолып шыққан. Сүңгуірлер мен кинологтар да көмекке келді. Өкінішке қарай, он күннен кейін Жандәулеттің жансыз денесі 12 шақырым жерден табылды.

"Баланың жоғалғаны туралы арыз 30 сәуірде түсті. Сол уақыттан бастап бірден қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Соның нәтижесінде соңғы процессуал шешім қабылданады", - деді Әсем Әбдірахманова, Ақмола облысы ПД арнайы тапсырма бойынша аға инспекторы.