Ақмола облысында 12 жастағы қыз бала трассадан табылды

0
566

Жалғыз келе жатқан қыз жүргізушінің назарын аударды және Дидар жағдайды білу үшін тоқтады.


Ақмола облысында 12 жастағы қыз бала трассадан табылды

ERNUR.KZ. 1 шілдеде Шортанды ауданында тұратын 12 жастағы қыз баланы Астана – Петропавл республикалық трассасында Көкшетау қаласына қарай өз көлігімен келе жатқан Дидар Қызыров байқап қалады, деп жазады zakon.kz.

Жалғыз келе жатқан қыз жүргізушінің назарын аударды және Дидар жағдайды білу үшін тоқтады. Әңгіме барысында қыз Шортанды ауданы Мықтыкөл ауылында тұратынын және ата-анасын хабардар етпей, өз еркімен үйден кеткенін айтты.

Жүргізуші асығыс болғандықтан және Шортанды ауданына қайтар жол көп уақытты қажет ететіндіктен, қызды Ақкөл қаласындағы ең жақын полиция бөліміне әкелу туралы шешім қабылдады.

Бөлімге келгеннен кейін кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспектор Мұрат Бекішев жасөспірімнен барлығын мұқият сұрап, мұндай әрекетінің себебін білді. Қыздың ата-анасы қызының үйден кеткенін білмегендері белгілі болды.

Өйткені бұл кезде олар Көкшетау қаласына бет алған болатын. Үйде қалуға мәжбүр болғанына ренжіген жасөспірім облыс орталығына жаяу баруға шешім қабылдайды.

Полицейлермен әңгіме барысында қыз ата-анасының телефон нөмірін атай алмағандықтан Мұрат Мықтыкөл ауылының учаскелік инспекторымен байланысқа шығып, әкесімен хабарласа алды.

Қобалжыған әкесі Көкшетауда екенін, ал қызын жақын туысына тапсыруын өтінді. Оқиға сәтті аяқталғанына қарамастан, қыздың ата-анасы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері азаматтық ұстанымын көрсеткен Дидар Қазыровқа алғыстарын білдірді. Оның белсенділігінің арқасында қызға ештеңе болған жоқ және ол туыстарына аман-есен жеткізілді.