Оқиға 18 маусымға қараған түні Астана – Атбасар – Жақсы автожолының 327-шақырымында болған.
Фото: Ақмола облысының полиция департаменті
ERNUR.KZ. Mercedes-Benz жүк көлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, жол жиегіндегі кюветке түсіп кеткен. Соның салдарынан фура аударылған, деп жазады inbusiness.kz.
Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушінің медициналық көмекке мұқтаж еместігін анықтап, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Жүргізушінің айтуынша, жүк Ресейден Қостанай арқылы Астанаға жеткізіліп жатқан. Ол жолда жеткілікті демалмағанын және рөлде отырып қалғып кетуі мүмкін екенін айтқан.
Апат кезінде кабинада жүргізушінің өзі ғана болған. Көлік қатты зақымданғанымен, ер адам зардап шеккен жоқ. Полицейлердің мәліметінше, оның қауіпсіздік белдігін таққаны ауыр зардаптардың алдын алған.
Жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


