Ақмола облысында 323 млн теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

0
147

Жайылымдық жер мен егістік алқаптарының тапшылығы өңірдегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.


Ақмола облысында 323 млн теңгенің жері мемлекетке қайтарылды

фото: Sputnik / Константин Михальчевский

ERNUR.KZ. Ақмола облысының прокурорлары пайдаланылмай жатқан жер телімдерін анықтау және қайтару бойынша жүйелі жұмыстарды жүргізіп жатыр, деп жазады sputnik.kz.

Бас прокуратура хабарлағандай, жайылымдық жер мен егістік алқаптарының тапшылығы өңірдегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Сондықтан қазіргі таңда Біржан сал ауданының прокуратурасы "Жайылымдық жерлерді ұлғайту" жобасын жүзеге асырып жатыр.
Жоба аясында аудандағы жер пайдаланушылардың едәуір бөлігі ұзақ уақыт бойы Жер кодексін бұза отырып, жер телімдерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды.
"Жол берілген заң бұзушылықтарға байланысты Біржан сал ауданы прокуратурасының қадағалау актісі бойынша кадастрлық құны 323 миллион теңге құрайтын 22 мың гектардан астам егістік жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.
Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар қайтарылған жерлерді адал жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлерге пайдалануға беруге бағдарланды.