Ақмола облысында алапат өрт болды

0
933

Құзырлы ведомство қоғамдық ғимараттан өрт шыққанын нақтылады.​


Ақмола облысында алапат өрт болды

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Сандықтау ауданында алапат өрт болды. Бұл туралы 2024 жылы 27 сәуірде ҚР ТЖМ баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп жазады Zakon.kz.



Құзырлы ведомство қоғамдық ғимараттан өрт шыққанын нақтылады.

"255 шаршы метр аумақтағы өрт толығымен сөндірілді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда", делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Айта кетсек, 21 сәуірде Ақмола облысы Степногорск қаласы маңындағы Заводская елдімекенінде қойма өртенді, от қамтыған ауданның көлемі алдын ала болжам бойынша 1 100 шаршы метрді құрады. Өртенген қоймада бөшке-бөшке мотор майы мен үш көлік болған.