Бұған дейін әлеуметтік желілерде Аршалы аудандық ауруханасындағы қайғылы оқиға туралы ақпарат тараған еді.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Аршалы аудандық ауруханасындағы қайғылы оқиға туралы ақпарат тараған еді. 6 қарашаға қараған түні 51 жастағы тұрғын аурухананың үшінші қабатындағы терезеден секіріп кеткен. Ер адамға Қарағанды – Қостанай пойызында жағдайы нашарлағаннан кейін шұғыл түрде медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылған.
"Полиция медициналық мекеме аумағында науқастың қаза болу дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатыр. Алдын ала деректер бойынша, психикалық ауытқуы бар ер адам өзіне қол жұмсаған", – деп хабарлады Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.
Ресми мәліметтерге сәйкес, жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Істің тергелу барысы өңірлік полиция департаменті басшылығының бақылауында.


