Ақмола облысында бір ауыл жойылады

0
530

Ақбейіт ауылы Жалтыр ауылына қосылып, есептік деректерден шығарылады.


Ақмола облысында бір ауыл жойылады

ERNUR.KZ. Ақмола облысының әкімдігі Астрахан ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы қаулының жобасын жариялады. Құжатқа сәйкес ауданда бір елді мекен қызметін тоқтатады, деп жазады sputnik.kz.

Әкімдік Ақмола облысы Астрахан ауданы Жалтыр ауылдық округінің Ақбейіт ауылын өзге қоныстар санатына ауыстырып, Ақмола облысы Астрахан ауданы Жалтыр ауылдық округінің Жалтыр ауылының құрамына енгізіп, есептік деректерден шығаруға қаулы етті.
"Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - деп жазылған қаулының жобасында.
Құжат авторлары жобаны қабылдау жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайтынын және қаржылық шығындарды қажет етпейтінін атап өтті.
Құжаттың толық мәтінімен "Ашық НҚА" порталында танысуға болады. Ол 15 мамырға дейін талқыланады.