Облыстың ТЖД оларды шұғыл түрде Көкшетауға жеткізді.
Фото: видеодан скриншот
ERNUR.KZ. Ақмола облысы Степногорск қаласында бір үйдің екі кішкентай баласы бір қазан сорпаға күйіп қалған: құтқарушылар оларды шұғыл түрде Көкшетауға жеткізді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиақұтқару» қызметі тікұшақпен Степногорск қаласынан 2023 және 2020 жылы туған екі бүлдіршінді Көкшетау қаласына жеткізді», - деп хабарлайды облыстың төтенше жағдайлар департаменті.
Кейін редакциямыздың сұрағына жауап берген ТЖД-ның баспасөз қызметі екі бала бір үйдің бүлдіршінін екені және ыстық сорпаға күйіп қалғанын хабарлады.