Ақмола облысында дизельмен жүретін көліктердің қозғалысына тыйым салынды

0
2 178

2 қаңтар сағат 18:00 бастап дизель отынын пайдаланатын көлік құралдарының республикалық маңызы бар барлық бағыттағы жолда жүруіне тыйым салынады.


Ақмола облысында дизельмен жүретін көліктердің қозғалысына тыйым салынды

ERNUR.KZ. Ақмола облысында қолайсыз ауа райына байланысты жол жабылды, деп жазады ҚазАқпарат.

«ҚазАвтоЖол» кәсіпорны Ақмола филиалы таратқан мәліметке сенсек, ауа температурасының -38 градусқа дейін төмендеуіне байланысты республикалық маңызы бар жолдар түгел жабылады.

«Құрметті жол қолданушылары, аяз күшейіп, минус 38 градусқа жетті. Осыған байланысты 2 қаңтар сағат 18:00 бастап дизель отынын пайдаланатын көлік құралдарының республикалық маңызы бар барлық бағыттағы жолда жүруіне тыйым салынады. Күн райы жылынып, ауа райы жақсарғанға шейін алыс жаққа жолға шықпағандарыңыз жөн» делінген кәсіпорынның хабарламасында.