Жол апаты қыркүйектің 24-інде «Степногор - Заводской» жолында болған.
ERNUR.KZ. Ақмола облысында жол апатынан 3 адам көз жұмды, деп жазады inform.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты қыркүйектің 24-інде «Степногор - Заводской» жолында болған.
«Анықталғанындай, Заводской бағытында жүріп бара жатқан «Lada Kalina» көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, «Nissan Teana» көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Салдарынан «Lada Kalina» көлігі өртеніп, жүргізушісі мен екі жолаушысы көз жұмды. Ал, «Nissan Teana» көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Степногор қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды», - деді ведомстводан.
Департаменттің баспасөз қызметінен атап өткендей, қазіргі кезде бұл дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне алынды.
Айта кетсек, «Астана-Петропавл» трассасында қарағандылық байкер жол апатынан мерт болған еді.