Автокран жүргізушісі жеңіл дәрежеде мас болған.
Фото: pixabay
ERNUR.KZ. Көлікті басқарған жүргізуші мас болған, сол үшін полицейлер оны әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп жазады inform.kz.
Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді. Аршалы аудандық полиция бөліміне Ижевск ауылындағы мектепті жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде жүк көтергіш кран аударылып қалғаны туралы ақпарат келіп түскен.
— Аталған факт полиция бөлімінде тіркелді. Автокран жүргізушісі жеңіл дәрежеде мас болғаны анықталды. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — деп түсіндірді ведомствода.
Полицейлер қосып өткендей, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.