Ақмола облысында Нұра топтық су құбырының 36,6 шақырым учаскесін реконструкциялау жұмыстары аяқталды

0
341

Ұзынкөл ауылына дейінгі учаскеде жаңа су құбыры арқылы су беріле бастады.


Ақмола облысында Нұра топтық су құбырының 36,6 шақырым учаскесін реконструкциялау жұмыстары аяқталды

Ақмола облысында Нұра топтық су құбыры қайта жаңартылуда. Бүгінгі таңда Егіндікөл ауданының «Ұзынкөл» сорғы станциясына дейін ұзындығы 36,6 шақырым учаскеде құбыр төсеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде бас құрылыстардан Ұзынкөл ауылына дейінгі учаскеде жаңа су құбыры арқылы су беріле бастады.

«Қазақстандықтарды ауыз сумен қамтамасыз ету – министрліктің басты міндеттерінің бірі. Биыл 1,4 млн тұрғыны бар 437 елді мекенде ауыз сумен жабдықтау сапасын жақсарту үшін топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша 30 жоба іске асырылып жатыр, - деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.