Ақмола облысында өрттен үш баласы бар әйел құтқарылды

0
336

​Тілсіз жау толық сөндірілді.


Ақмола облысында өрттен үш баласы бар әйел құтқарылды
фото:baq.kz.


ERNUR.KZ. Қосшы қаласында Жамбыл Жабаев көшесінде орналасқан жекеменшік тұрғын үйдің пеш орналасқан бөлмесінің шатырынан өрт шықты. Өрттің аумағы 10 шаршы метрді құрады, деп жазады baq.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері үйден үй иесін және 2019, 2021 және 2026 жылы туған үш баланы құтқарып шығарды.

Өрт толықтай сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы себеп болған.