Патриоттық челленджді қазір көрші облыстар да жалғастырған.
ERNUR.KZ. Ақмола облысында Тәуелсіздік күні қарсаңында басталған «Менің туым – Менің Отаным» патриоттық акциясы қазір ауқымды челленджге айналды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Әр ауылда байрағымызды көкке көтеріп алып жүретін аттылар шеруінің бейнежазбасы бүгінде әлеуметтік желіде желдей есіп, халықтың рухын асқақтатып отырған жәйі бар. Бурабай ауданының Абылайхан ауылынан бастау алған бұл эстафета қазір Зеренді ауданына қарасты елдімекендердің арасында өтіп жатыр. Аймақ тұрғындарының айтуынша, патриоттық челленджді қазір көрші облыстар да жалғастырған.
Айта кетейік, бұл іс-шара ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жергілікті халықтың өз бастамасымен ұйымдастырылған.