Ақмола облысында шахтаға заңсыз түскендердің бірі қаза тапты, екеуі ауыр жараланды

0
119

Ақмола облысындағы Бестөбеде алтын шахтасына рұқсатсыз кірген 3 адам апатқа ұшырады


Ақмола облысында шахтаға заңсыз түскендердің бірі қаза тапты, екеуі ауыр жараланды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Ақмола облысында алтын өндіретін шахтаға заңсыз кірген адамдардың бірі қаза тауып, тағы 2 адам жарақат алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға 23 наурыз күні Бестөбе кентінде болған. Полицияның мәліметінше, шахтаның төменгі деңгейіне рұқсатсыз түскен 3 іздеуші түрлі дәрежеде жарақат алған. Соның салдарынан 1 ер адам оқиға орнында көз жұмған, ал қалған 2 адам медициналық мекемеге жеткізілген.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу шаралары жүргізілуде.