Ақмола облысында тылсым күштермен айналысқан адам жоғалып кетті

0
90

Дмитрий Мостепан өз автокөлігін ұлының атына рәсімдеп бергеннен кейін жоғалып кеткен.


Ақмола облысында тылсым күштермен айналысқан адам жоғалып кетті

Фото: полициядан

ERNUR.KZ. Щучинск қаласының тұрғыны із-түзсіз жоғалып кетті, деп жазады ulysmedia.kz.

Полиция дерегінше, жоғалған Дмитрий Мостепан өз автокөлігін ұлының атына рәсімдеп бергеннен кейін жоғалып кеткен. Сондай-ақ ол жақындарына бірнеше рет Ресейге, Алтайға көшіп кеткісі келетінін айтқан.

Бұған қоса, соңғы үш жыл ішінде Мостепан православиелік бағыттағы оккульттік ілімдерге әуестеніп жүргені анықталды.