Ақмола облысында үш бала мұз астына түсіп кетті

0
117

Қазір құтқарушылар оларды ажалдан арашалап қалған азаматты іздестіріп жатыр.


Ақмола облысында үш бала мұз астына түсіп кетті

ERNUR.KZ. Ақмола облысында әлі толық қатпаған Қылшақты өзенінде ойнап жүрген үш бала суға құлап кетті, деп жазады baq.kz.

Қазір құтқарушылар оларды ажалдан арашалап қалған азаматты іздестіріп жатыр.

Облыстық ТЖД мәліметінше, оқиға 16 қарашада болған. Тоғыз, сегіз және жеті жастағы балалар жұқа мұзда ойнап суға түсіп кеткен.

Оқиғаның алдын алу куәгердің жедел әрекеттерінің арқасында мүмкін болды. Ол жағдайды байқап, балаларды шығарып алып, жедел жәрдем бригадасына тапсырған. Орта деңгейлі үсік белгілері бар зардап шеккендер көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қажетті медициналық шаралардан кейін балалар амбулаторлық ем қабылдау үшін үйлеріне жіберілді, – деп хабарлады өңірлік ТЖД-ның ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.

ТЖД қызметкерлері құтқарушы азаматты тауып, оны мемлекеттік наградаға ұсынбақ. Сонымен бірге тұрғындарға жұқа мұзға шығу қауіпті екені ескертілді. Соңғы төрт күнде жарамсыз мұзға шыққаны үшін 35 адам ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Мұздың қауіпсіз қалыңдығы жеке адам үшін кемінде 10 см, бірнеше адам үшін 20 см.