Ақмола облысында үсіп қалған ер адам ауруханада қайтыс болды

0
134

45 жастағы ер адам моторлы қайықпен балық аулауға шыққан.


Ақмола облысында үсіп қалған ер адам ауруханада қайтыс болды

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. Бүгін, 2025 жылы 10 қазанда Ақмола облысының Зеренді ауданында, Айдарлы ауылының маңындағы Қайранкөл көлінде ҚР ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері судағы балықшыны құтқару жұмысын ұйымдастырды, деп жазады zakon.kz.
Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушыларға моторлы қайықпен балық аулауға шыққан 45 жастағы ер адамды құтқаруға тура келген. Ол белгісіз жағдайлармен суға түсіп кетіп, өз бетінше жағаға шыға алмаған.
"Оқиға туралы хабар түскеннен кейін құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына жетіп, ер адамды судан шығарып, жағаға жеткізді. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол дәрігерлердің қолына тапсырылды. Алайда соңғы мәлімет бойынша, ер адам үсіп қалу салдарынан көз жұмды", делінген төтеншеліктер хабарламасында.

ТЖМ азаматтарға су айдындарына шығар алдында су көліктерінің техникалық жай-күйін мұқият тексеруді, байланыс құралдары мен құтқару кеудешелерін өзімен бірге алып жүруді ескертеді.