Анықталғандай, бойжеткен аяғын ауыртып алып үйіне жете алмай қалған
Фото: ЖИ көмегімен жасалған, © freepik.com
ERNUR.KZ. Ақмола облысының полициясы Есіл ауданындағы ауылдардың бірінде жоғалып кеткен қызды зират басынан тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Анықталғандай, 69 жастағы қарт ана алғашында қызын өзі тауып аламын деп ойлаған екен. Алайда, амалы таусылған соң полицияға жүгініп, арыз жазған.
«Кринминалды полиция бөлімінің жедел уәкілі Артем Караваев тез әрекет етіп, бойжеткендегі ауыл сыртындағы зират басынан тауып алған. Қыз аяғын қайырып алып, үйіне жете алмай қалған», - деп хабарлайды полиция.