Ақмола облысындағы ауылда карантин жарияланды

0
953

Бұл шешімді ауыл әкімі дәрігерлер, полиция және ветеринарлық қызметпен ақылдаса отыра қабылдаған.


Ақмола облысындағы ауылда карантин жарияланды

ERNUR.KZ. Ақмола облысының Ольгинка ауылында Сібір жарасына байланысты карантин жарияланды. Ветеринарлық қызмет осы дертке шалдыққан малдардың денесін жойып жатыр, деп жазады sputniknews.kz.

"Аршалы ауданы Михайлов ауылдық округіндегі Ольгинка ауылында карантин бекітіледі. Ольгинка ауылындағы тұрғындар малының сібір жарасына шалдығуына қатысты болжам зертханада тексерілді", - деп жазылған ауыл әкімінің шешімінде.

Ветеринарлық зертхананың сараптама қорытындысы 16 тамыз күні белгілі болды. Сүт және ет сынды қауіпті болуы мүмкін өнімді ауылдан шығаруды немесе ауылға әкелуді тоқтату шаралары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, әр үйдегі төрт түлік тексеріледі. Полиция бекеттері орнатылған. Осы дертке шалдықты деген қауіпке ілінген малдың денесі жойылып жатыр.

Сібір жарасы - мал және жабайы жануардың бациллус антрацис микробы коздыратын аса қауіпті жұқпалы ауру.