​Ақмолада 14 жастағы қызды өлтірді деп күдікке ілінген адам қамауға алынды

0
108

Ынтымақ ауылының 14 жастағы тұрғыны пышақ жарақатынан қайтыс болды.


​Ақмолада 14 жастағы қызды өлтірді деп күдікке ілінген адам қамауға алынды

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

ERNUR.KZ. Ауыр қылмыс жасады деп айыпталған күдікті бір тәулікке жетпей Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылының маңында ұсталды, деп жазады inform.kz.

ІІМ мәліметінше, тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған.

— Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу іс-шаралары жалғасуда, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында, — делінген хабарламада.

Құқық қорғау органдары күдікті заң аясында қатаң жазаланатынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Ынтымақ ауылының 14 жастағы тұрғыны пышақ жарақатынан қайтыс болды.