Ақмола облысында монтаж жұмысы кезінде екі адам қаза тауып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді.
Фото: saryarka-samaly.kz
ERNUR.KZ. Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-бөлігі ("Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 6 шілде күні Целиноград ауданына қарасты Қараөткел ауылында су құбыры желісінде монтаждау жұмысы жүргізіліп жатқан кезде құдық ішінде қайғылы оқиға болды.
"Полиция департаменті жұмыс берушілерге еңбек қауіпсіздігі бойынша тұрақты нұсқама өткізіп, қызметкерлердің жеке қорғаныс құралдарын қолдануын бақылауды, сондай-ақ жұмыс барысындағы анықталған заңбұзушылықтарды уақытылы жоюды ұсынады", – делінген ведомство хабарламасында.
Қазір мемлекеттік еңбек инспекторы тексеру жүргізіп жатыр.