Осы жағдайға байланысты департамент пен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бірлесіп, эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын ұйымдастырды.
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform
ERNUR.KZ. Осы оқиғаға байланысты полиция «Санитариялық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады, деп жазады inform.kz.
Ақмола облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Бурабай ауданында орналасқан Т.А. Уәлиев атындағы «№ 2 Жақсы» спорт мектебінің базасында демалып жатқан балалар арасында 18 бактериалды ішек инфекциясы жағдайы тіркелді.
Осы жағдайға байланысты департамент пен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бірлесіп, эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын ұйымдастырды. Қазіргі таңда эпидемиологиялық тергеу жүргізіліп, қолданыстағы заңнама аясында кешенді тексерулер басталды.
Аталған факті бойынша Ішкі істер органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 304-бабы 1-бөлігі («Санитариялық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу») бойынша қылмыстық іс қозғады.
— Барлық науқас балаға дер кезінде медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Болған оқиғаның себептері, тергеу нәтижелері және қабылданып жатқан шаралар туралы қосымша ақпарат тергеу аяқталғаннан кейін беріледі, — делінген ведомство хабарламасында.