АҚШ еріктілері ауыл жастарына ағылшын тілін үйретуде

0
1 055

Мириям Гринфилд қазақ жеріндегі тәжірибесі мен басынан кешкен оқиғаларын сағына еске алады.


АҚШ еріктілері ауыл жастарына ағылшын тілін үйретуде

ERNUR.KZ. Өткен жылы еліміздің әр өңірінде көптеген америкалық мұғалімдер мен студенттер жастардың тіл үйренуіне көмектесті, деп жазады 24.kz.

Олардың ішінде Нью-Йорк қаласының тұрғыны Мириям Гринфилд бар. Ол Қарағанды облысында 150 студентке ағылшын тілін оқытумен айналысты. Мириям қазақ жеріндегі тәжірибесі мен басынан кешкен оқиғаларын сағына еске алады.

Мириям Гринфилд, америкалық ерікті: - Мен Қазақстаннан жақында ғана келдім. Керемет ел. Халқы кең пейілді, мейірімді. Әсем табиғатынан алған әсерім де көп. Ұлттық тағамдары қандай дәмді. Ал студенттер талапты, оқуға деген құлшынысы күшті. Олар маған қазақ тілі мен орыс тілін үйретіп, Қазақстанды жақын танып-білуіме көмектесті. Сіздің елде ерікті болып жұмыс істегеннен көп тәжірибе жинадым. Енді әлеуметтік желілер арқылы америкалықтарды Қазақстанмен таныстырып жатырмын.