Ол шегірткенің халал екенін айтып, басы мен іш-құрылысын шығарып тастап, жеп қояды.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде ер адам шегірткені 20 мың теңге үшін асап алған сәтінің видеосы тарады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Видеодағы ер адамға автор «20 мың теңге беремін, шегірткені жей аласың ба?» деп сұрайды. Ол шегірткенің халал екенін айтып, басы мен іш-құрылысын шығарып тастап, жеп қояды. Кейін видеоның авторы, автоблогер келіскендей ер адамға 20 мың теңге береді.
Видеоға пікір жазғандардың көбі жиіркеніштерін жеткізген.
«Шегірткені жеудің құны 20 мың болғаны ма? Оның ішінде неше түрлі паразит бар. Ақша не істетпейді. Ақшаға қатты мұқтаж болған шығар», - деп жазды олар.
Еске салсақ, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы шариғат бойынша шегірткенің халал екенін мәлімдеген болатын.
«ҚМДБ ұстанатын ханафи масхабында пайғамбардың хадисі бойынша екі өлексе адал етілді, соның бірі — шегіртке. Оны жеуге болады. Алайда, адал деген сөз жей беруге болады деген сөзді білдірмейді. Яғни оны жеу міндеттелмейді, әр өңірдің табиғаты мен мәдениетіне байланысты жеп/жемеу әркімнің өз еркінде»,- деді олар.