Ақтау дүкендерінің бірінде ер адам мен әйел өлі табылды

0
1 356

Полиция департаментінің өкілдері осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.


Ақтау дүкендерінің бірінде ер адам мен әйел өлі табылды

ERNUR.KZ. Ақтауда дүкендердің бірінде пышақ жарақатын алған ер мен әйелдің денелері табылды, - деп жазады tengrinews.

Басылым дереккөзінің мәліметінше, 28-ықшамауданда дүкен ғимаратын жалға алған отбасылық жұптың мәйіттері табылған. Болжаммен, 16 қыркүйете, дүкеннің ішінде жабылған сәтте, ер адам әйеліне 20-дан аса пышақ ұрып, артынша өзіне қол жұмсаған.

Полиция департаментінің өкілдері осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Шамамен 10:45-те 102 кезекші пультіне "Гүлнар" дүкенінде мәйіттердің табылғаны хабарланды. Ер мен әйелдің денесінен пышақ жарақатын салынғаны анықталды. Осы дерекке қатысты Ақтау полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр", - делінген хабарламада.