Ақтауда дәмханада отырған ер адамның бетіне белгісіз біреу оқ атып кетті (ВИДЕО)

0
84

​Оқиға 8 шілде күні қаладағы дәмханалардың бірінде болған.


Ақтауда дәмханада отырған ер адамның бетіне белгісіз біреу оқ атып кетті (ВИДЕО)

Фото: Видеодан скрин

ERNUR.KZ. Ақтаудағы дәмханалардың бірінде отырған ер адамның бетіне белгісіз біреу оқ атып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Оқиға 8 шілде күні қаладағы дәмханалардың бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, белгісіз адам ер адамға жақындап келіп, оның бетіне оқ атқан.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталды. Зардап шеккен азаматқа медициналық көмек көрсетілді. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

«Ақтау қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарының бірінде екі адамның арасында жанжал шыққан. Оқиғадан кейін олардың бірі ер адамға аңшылар пайдаланатын «Аңшының белгісі» сигналдық іске қосу құрылғысынан атып, оның бет тұсына жарақат салған. Аталған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Зардап шеккен азаматқа медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді», – делінген облыстық Полиция департаментінің агенттік тілшісіне берген пікірінде.