Жертөледе қоқыс жанып, тұрғындардың өміріне қауіп төнді.
Фото: © istockphoto.com
ERNUR.KZ. 2026 жылғы 2 мамырда Ақтау қаласының 31-шағынауданында төтенше жағдай тіркелді. Алты қабатты тұрғын үйдің жертөлесінде қоқыс жанып, тұрғындардың өміріне қауіп төнді, деп жазады Azattyq Rýhy.
Оқиға туралы хабарлама кезекші бөлімге түскен бойда Төтенше жағдайлар министрлігінің күштері оқиға орнына жедел жетті. Мамандардың кәсіби әрекетінің арқасында жалынның ғимараттың жоғарғы қабаттарына таралуына жол берілмеді.
Өртті сөндіру үй ішінен барлығы 14 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Олардың ішінде 8 бала бар. Тілсіз жау өте қысқа мерзімде толықтай ауыздықталды.
ТЖМ берген мәліметке сәйкес, өрт салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар тіркелген жоқ.
Жертөледегі өрттің нақты себебі анықталып жатыр.


