Ақтауда мысықтың басына секірген ер адам ұсталды

0
680

Ер адам өз әрекетін мойындаған.


Ақтауда мысықтың басына секірген ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Ақтауда мысықтың басына секірген 35 жастағы ер адам ұсталды. Полицейлердің мәліметінше, күдікті бұл кезде мас болған, деп жазады stan.kz.

Оқиға 6-шағынауданда 4 қазанда болған. Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек Қылмыстық кодекстің 316-бабы 1-бөлігі "Жануарларға қатігездікпен қарау" бабымен тіркелген.

"Ер адамға 120 айлық есептік көрсеткіште дейін (367 560 теңге) айыппұл салынуы мүмкін немесе дәл сол мөлшерде түзету жұмыстарына,120 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы тағайындалуы мүмкін", – делінген хабарламада.

Ер адам өз әрекетін мойындаған. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Instagram желісінде Ақтауда ер адамның мысықтың басына бар салмағымен секірген видеосы тараған еді. Кадрларда мысықтың қатты соққы алған соң ұстамасы басталған.