Ақтауда оқушы қызға қырындаған күзетші қамауға алынды

0
427

Полиция ер адамның 2 айға қамауға алынғанын хабарлады.


Ақтауда оқушы қызға қырындаған күзетші қамауға алынды

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының полиция департаменті Ақтаудағы №10 мектептің күзетшісі оқушы қызға озбыр түрде қырындап, сол үшін қамауға алынғанын хабарлады, деп жазады ulysmedia.kz.

Полиция ер адамның 2 айға қамауға алынғанын хабарлады. Қазір ол тергеу изоляторында жатыр.

– 10 жасар оқушыға озбыр түрде қырындаған білім беру мекемесінің бұрынғы күзетшісі соттың санкциясымен екі айға қамауға алынды, - деп жазады lada.kz

Еске сала кетейік, бұған дейін мектеп күзетшісі Ақтауда кәмелетке толмаған қызға жазған аудиожазба тарап кеткен еді. Ер адам оқушы қызды шақырып алып, қолын тигізе бастаған, бірақ мектеп оқушысы қашып құтылған.