Жастар қауіпсіздік белдігін тақпай, автомобильдің шатырын ашып, орнынан тұрған.
ERNUR.KZ. Ақтауда автокөлікпен романтикалық сапарға шыққан жұпқа айыппұл салынды, деп жазады tengrinews.kz.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Toyota Camry автокөлігі жүргізушісінің жол қозғалысы ережесін бұзған сәті патрульдеу кезінде видеоға түсіп қалған.
Кадрларға қарағанда, жастардың қауіпсіздік белдігін тақпай, автомобильдің шатырын ашып, орнынан тұрғанын көруге болады.
"Ақтау қалалық полиция басқармасының патрульдік қызмет батальонының қызметкерлері жүргізушіні анықтады, оған "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау, жол қозғалысы ережелерінде көзделген қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау" бойынша ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар профилактикалық әңгіме өткізілді. Полицейлер жас жұптың жай ғана осылай қыдырғысы келгенін айтты.