Фото: BAQ.KZ
ERNUR.KZ. Оқиға Ақтаудағы 4-шағынауданда болған. Полиция қылмыстық іс қозғап, қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр, деп жазады baq.kz.
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатынан құлаған әйел қаза тапты. Қайғылы оқиға қаланың 4-шағынауданындағы №10 үйде болған.
Өңірлік БАҚ мәліметінше, аталған дерек бойынша полиция тергеу жұмыстарын бастады. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін анықтап жатыр.
Әзірге басқа ақпарат жарияланған жоқ.


