Ақтаудағы жарыста қаза тапқан жас спортшының бапкері шәкіртінің өліміне қатысты түсінік берді

0
460

Қанат Ахунов колледждің үшінші курсында оқып жүрген және кикбоксингтен әлем чемпионы болған.


Ақтаудағы жарыста қаза тапқан жас спортшының бапкері шәкіртінің өліміне қатысты түсінік берді

ERNUR.KZ. Ақтауда қаза тапқан аралас жекпе-жектен он жеті жастағы спортшы Қанат Ахуновтың бапкері мән-жайды айтып берді, деп жазады zakon.kz.

"Еуразия" бірінші арнасы хабарлауынша, қарсыласының соққысынан кейін спортшы орнынан тұра алмай қалған.

"Спорт кешенінің медицина қызметкерлері спортшыға алғашқы медициналық көмек көрсетті, оның артынша жедел жәрдем келді. Бірақ оны құтқару мүмкін болмады. Жігіттің жарысқа дайын екені туралы анықтамасы болғаны белгілі. Жаттықтырушының айтуынша, жасөспірім онымен үш ай бойы жаттыққан, денсаулығына ешқашан шағымданбаған", - делінген хабарламада.

Қайтыс болған күні ол бірінші жекпе-жегін мерзімінен бұрын өткізгенімен, екінші жекпе-жек алдында жүрегі айнығанын айтып, шағымданған.

"Бапкердің айтуынша, оның шәкіртіне соққы тимей тұрып құлаған. Осы оқиғадан кейін турнир тоқтатылды. Қайғылы оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтауы керек. Қазір Абайсызда қазаға ұшырату" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр, - деп хабарлады телеарна.

БАҚ мәліметінше, Қанат Ахунов колледждің үшінші курсында оқып жүрген және кикбоксингтен әлем чемпионы болған.