Ақтөбе – Астана бағыты бойынша қосымша пойыз жүретін болады

0
117

Пойыз құрамында 12 вагон бар, оның ішінде 6 купе және 6 плацкарт вагоны қарастырылған.


Ақтөбе – Астана бағыты бойынша қосымша пойыз жүретін болады

ERNUR.KZ. Жазғы маусымда жолаушылар ағынының артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ Ақтөбе мен Астана қалалары арасында №257/258 жолаушылар пойызын іске қосады. Бұл бағыт жазғы демалыс кезеңде батыс және солтүстік өңірлерге жол жүретін жолаушыларға қолайлы мүмкіндік жасау мақсатында іске қосылды.

Пойыз 2025 жылғы 4 шілдеден 2 қыркүйекке дейін төмендегі кесте бойынша қатынайды:

Ақтөбеден жөнелтілуі: 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28 шілде, 2, 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30 тамыз.

Астанаға (Нұрлы жол) келуі: 5, 9, 13, 17, 21, 25, 29 шілде, 3, 7, 11, 15, 19, 23, 27, 31 тамыз.

Астанадан (Нұрлы жол) жөнелтілуі: 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30 шілде, 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28 тамыз және 1 қыркүйек.

Ақтөбеге келуі: 7, 11, 15, 19, 23, 27, 31 шілде, 2, 5, 9, 13, 17, 21, 25, 29 тамыз және 2 қыркүйек.

Пойыз құрамында 12 вагон бар, оның ішінде 6 купе және 6 плацкарт вагоны қарастырылған. Вагондар ауа баптау жүйесімен, санитарлық және техникалық талаптарға сай жабдықталған. Бұл пойыз бір бағытта 500-ден астам жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді.

Билеттерді bilet.railways.kz ресми сайты арқылы немесе теміржол вокзалдарындағы кассалардан сатып алуға болады.

Пойыз қозғалысы туралы толық ақпаратты 1433 бірыңғай байланыс орталығына тегін қоңырау шалу арқылы алуға болады.